Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«№2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Кандыагашская городская общеобразовательная средняя школа №2»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

2025 жылдың 17 қыркүйек күні №2 Қандығаш қалалық ЖББОМ базасында 11 класс оқушылары арасында физика, математика, биология, химия пәндері бойынша олимпиаданың мектепішілік кезеңі ұйымдатырылып өткізілді. Оқушыларға түсіндіру жұмысы жүргізіліп болған соң,тапсырма таратылды. Жұмысты орындауға 3/45 минут берілді. Уақыты оқушылардан жұмыстар жинап алынып, тексерілді. Нәтижесі: I орын иегері Нәбиева Дана, II орын иегері Қабыл Әли,III орын иегері Орынбасар Салтанат. I орын иегері Нәбиева Дана аудандық кезеңге жолдама алды. Президенттік олимпиада 19.09 күні № 1 Қандыағаш қалалық ЖББОМ базасында өтеді.

2 Қандыағаш қалалық ЖББ орта мектебі базасында «Ақтөбе –Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының 2025 жылғы 16 қыркүйегіндегі №772 хаты негізінде 24 қыркүйек күні 8-11 класс оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылып, өткізілді. №2 қандыағаш қалалық ЖББОМ бойынша «Ұлы арман »Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бойынша 8 класс оқушысы Ермекбай Аяулым, жетекшісі қазақ тілі мұғалімі Үсенбаева Адия Исенбаевна , «Батырлар» тақырыбында жоба қорғау бойынша Сарсенбаева Мәдина, жетекшісі қазақ тілі мұғалімі Хайрулла Алтынгүл Қазенқызы , Махамбет шығармаларын жатқа айту бойынша Бұқарбай Әлихан, жетекшісі қазақ тілі мұғалімі Кенжебаева куляш Қожаниязқызы, «Тартынбай сөйлер асылмын» жас ақынның өз туындыларын мәнерлеп оқу бойынша 11 класс оқушысы Мейрамғали Жасмин, жетекшісі қазақ тілі мұғалімі Хайрулла Алтынгүл Қазенқызы.

Нәтижесіне тоқталсақ, 10 класс оқушысы Сарсенбаева Мадина жоба қорғау бағыты бойынша 1 орын иегері атанып, облыстық «Махамбет оқулары» байқауына жолдама алды

2025 жылдың 19 қыркүйек күні №1 Қандығаш қалалық ЖББОМ базасында 11 класс оқушылары арасында физика, математика, биология, химия пәндері бойынша «Президенттік олимпиаданың» аудандық кезеңі ұйымдатырылып өткізілді.

2 Қандыағаш қалалық ЖББОМ бойынша 11 класс оқушысы Нәбиева Дана қатысып, екінші жүлделі орынды иеленіп, облыстық «Президенттік олимпиадаға» жолдама алды.

ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

2025 жылдың 11 қараша күні №2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі базасында 5-6 кластар бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 52 оқушы қатысты. Оқушылар олимпиадаға жоғары белсенділікпен қатысты. Олимпиаданың мектепішілік кезеңін қорытындылайтын болсақ, 2025 жылдың 12-13 қараша күндері №4 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі базасында ұйымдастырылып, өткізілетін 5-6 кластар бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне 1 орын алған 15 оқушы жолдама алды.Құтты болсын!!! Оқушыларымызға сәттілік

 

2 қандыағаш қалалық ЖББОМ бойынша «Ақберен» шығармашылық байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылып өткізілді.

Мұғалжар аудандық білім бөлімінің 10 қазан №1-956 бұйрығы негізінде №2 Қандыағаш қалалық ЖББ орта мектебі базасында 37 мектеп оқушыларына арналып өткізілген шара болды.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

1. Аудандық

2. Облыстық

3. Республикалық

Байқау 5 номинациядан тұрады:

1.Шешендік, білгірлік сайыс.

2.Көркем сөз оқу

3. эссе жазу

4.Ұлттық аспаптар

Ақындар айтысы

2 Қандыағаш қалалық ЖББОМ бойынша 4 оқушы қатысты.

Жанұзақ Азамат- 9 класс

Ораш Бақдаулет-8 класс

Жалғасбаева Ақгүл-8 класс

Махмуд Ақбота-9 класс

Қорытындысына тоқталсақ;

Ақберен байқауынан «Көркем сөз» номинациясы бойынша Жалғасбаева Ақгүл

3 орын, «Шешендік , білгірлік» сайыс бойынша Ораш Бақдаулет мақтау қағазымен марапатталды.

© 2025 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«№2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Кандыагашская городская общеобразовательная средняя школа №2»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»