2025 жылдың 17 қыркүйек күні №2 Қандығаш қалалық ЖББОМ базасында 11 класс оқушылары арасында физика, математика, биология, химия пәндері бойынша олимпиаданың мектепішілік кезеңі ұйымдатырылып өткізілді. Оқушыларға түсіндіру жұмысы жүргізіліп болған соң,тапсырма таратылды. Жұмысты орындауға 3/45 минут берілді. Уақыты оқушылардан жұмыстар жинап алынып, тексерілді. Нәтижесі: I орын иегері Нәбиева Дана, II орын иегері Қабыл Әли,III орын иегері Орынбасар Салтанат. I орын иегері Нәбиева Дана аудандық кезеңге жолдама алды. Президенттік олимпиада 19.09 күні № 1 Қандыағаш қалалық ЖББОМ базасында өтеді.





