«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«№2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Кандыагашская городская общеобразовательная средняя школа №2» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
№2 Қандығаш жалпы білім беретін орта мектебінде 153 мұғалім. 2025-2026 жылдың аттестациядан өткен 35 мұғалім, оның ішінде педагог-зерттеуші-14 мұғалім, педагог-сарапшы – 7, модератор-9. Тесттен өтпеген -5 педагог.
Ағымдағы жылда аттестациядан өтетін-27 мұғалім, педагог-зерттеуші-2, педагог-сарапшы-12, педагог-модератор-13.
Біліктілік арттыру курстарынан мұғалімдер жоспар бойынша уақыты жіберіліп отырады. Курстан өтпеген мұғалімдер жоқ. АББ әдіскерге ұнемі ақпарат беріліп отырады. Осы 2025-2026 жыл 15 мұғалім курстан өтуі жоспарлануда.Қазіргі білім беру стандарттары заманына сай инновациялық бағытқа қарай ойысуда. Ақпараттық өзгеріс тек қана білім саласына ғана емес, мемлекеттің барлық басқару, оқыту, дамыту құрылымдарына әсер етіп, жаңа деңгейге көтеріліп жатқаны шындық. “Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, америкалық әлеуметтанушы Э.Роджерс инновацияны: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”,-деп түсіндіреді. Елбасы таяуда таныстырған Жолдауында: «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс...Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар» деп жаңартылған білімнің болашағы мен атқарылатын жұмыстарына тоқталып өткен болатын.
Республика мектептерінің басым көпшілігі жаңартылған білім мазмұнына көшіп, ондағы ұстаздар мен шәкірттерге деген талаптар да арта түскендей. Жаңартылған білім мазмұнына сай мұғалім инновациялық әдіс-тәсілдерді еркін меңгеруі шарт. Дәстүрлі білімнің кемшіліктерін негізге ала отырып, әлемнің озық елдерінің білім жаңалықтарын қабылдаудамыз. Кезінде Ұлы Абайдың өзі 25-қарасөзінде «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады»,-деп ілім-білімді орыстардан іздесе, бүгінде жаңа әдіс-тәсілдерді әлемнің жетекті мемлекеттерінен алып, үйреніп, өз қолданысымызға енгізіп жатқанымыз жасырын емес.
Қандыағаш қаласы №2 жалпы білім беретін мектепте ұстаздар қатысуымен «Инновациялық әдістемелік орта-жаңартылған білім мазмұнын оқыту мен көшбасшылықты қалыптастырады» тақырыбындағы семинар-практикум болып өтті. Шараны аталған мектеп басшысының әдістемелік жөніндегі орынбасарлары Токтагулова Г.К. мен Абдирзак А.А. өз деңгейінде ұйымдастырды. Семинардың басты мақсаты- инновациялық-әдістемелік ортада жаңартылған білім беру мазмұнында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған әдістемелік жұмыстар мен ықшам сабақ тәжірибесімен бөлісу. Жиынға қатысушылар жаңартылған білім мазмұнымен таныс, өз тәжірибесінде қолданып келе жатқан ұстаздардың ықшам сабақтары мен коучингтері өткізілді. Әсіресе, оқушылармен бірге өткізілген Деңгейлік курсты тәмамдаған жоғары санатты ұстаздар Кенжебаева К.К. мен Кадралина Ш.К. жас оқырмандар конференциясын ұйымдастырып, дарынды балалармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін ұсынды. Қатысқан мұғалімдер оқушылармен топтық жұмыс түрлерімен таныс болып, жоғары деңгейде өтілгенін атап өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абрашева Ж.К. «Орта білім берудегі көшбасшылық» тақырыбындағы коучингінде ұстаздар оқушылардың көшбасшылығын дамыту мәселесін көтерді. Коучинг көрнекілігі мен ұйымдастыруы жоғары деңгейде болды. Баланың бойындағы көшбасшылықты дамыту, мұғалімдер арасындағы көшбасшыларды анықтау, олардың қабілет-танымдарына баға беру сияқты мәселелерге кеңірек шолу жасалды. Сондай-ақ, педагог-зерттеуші Жиеналиева А.Е. пәні мұғалімі «Диалогтік оқыту арқылы сыни ойлауға дағдыландыру» атты коучинг сабағы қатысушылардың көңілінен шықты. Ұйымдастыру сәтінен бастап, қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас орната алды. Топтық жұмыс барысында тиімді сұрақтар қоя отырып, диалогтік оқытудың маңыздылығын түсіндіруде шеберлік танытты. Орта мектеп ұстаздарының біліктілігі мен тәжірибесін арттыруда мұндай семинар-практикумдардың пайдасы орасан зор. Өйткені болашақ ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында. Шығыс ойшылы Ж.Баласағұнның «Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген сөздері заман ағымына қарай жан-жақты ізденген мұғалім білімді, озық ойлы шәкірттер тәрбиелей алады. Ал ондай ұстаздардың біліктілігін шыңдауға, жетілдіруге жағдай жасауымыз тиіс және өте қажетті.
Подробнее...«№2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Кандыагашская городская общеобразовательная средняя школа №2»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»





