Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«№2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Кандыагашская городская общеобразовательная средняя школа №2»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

Бүгінгі таңда жасанды интеллект білім беру саласына үлкен ықпал етуде. Ол оқыту процесін өзгертіп, білім берудің әдіс-тәсілдерін жаңартып, оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Жасанды интеллекттің негіздерін оқушыларға үйрету қазіргі заманның маңызды міндеті болып табылады.

2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебінде педагогтер арасында тәжірибе алмасу мақсатында жасанды интеллект платформаларын қолдану аясында семинар өткізілді. Семинарға арнайы бекітілген педагогтар мастер- класс көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарда педагогтер видео жасайтын платформа, қысқа мерзімді жоспар жасайтын, аннимация жасайтын, слайд, тест жасайтын, үй тапсырмасын сұрайтын, кері байланыс, үй тапсырмасын қорытындылауға арналған тапсырмалар жасап беретін платформаларды үйретіп, сұрақ жауаптарға жауап беріп жұмыстанды

«TINI-TAP» ойна және үйрен платформасын, «LUMIQ» платформасын, «VEO 3» плат формасын, «PIX VERSE» , «Lingolium» тағы да басқа жұмысты жеңілдететін жасанды интеллект платформаларын әріптестеріне тегін ұйретті.

АНЫҚТАМА

 

Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру.

Біздің болашағымыз жастар. Осы болашағымыздың көкірегі ашық, ояу, салт-дәстүрін сүйе білетін, ұлтын, жерін, елін қадірлейтін, иманды, инабатты етіп тәрбиелеу негізі мектептен басталады. Сондықтан мектептегі сапалы білім мен саналы тәрбиенің орны ерекше.

5-қыркүйек Тілдер мерекесіне орай қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бірлестігі бірлесіп

«Тіл – қазына» тақырыбында іс-шара өткізді.

Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастердлеуге үйрету. Аталмыш іс-шара аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Еламанова Аида Куттымуратовна тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу – жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып өтті.

© 2025 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«№2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Кандыагашская городская общеобразовательная средняя школа №2»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»