Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«№2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Кандыагашская городская общеобразовательная средняя школа №2»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

АНЫҚТАМА

 

Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру.

Біздің болашағымыз жастар. Осы болашағымыздың көкірегі ашық, ояу, салт-дәстүрін сүйе білетін, ұлтын, жерін, елін қадірлейтін, иманды, инабатты етіп тәрбиелеу негізі мектептен басталады. Сондықтан мектептегі сапалы білім мен саналы тәрбиенің орны ерекше.

5-қыркүйек Тілдер мерекесіне орай қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бірлестігі бірлесіп

«Тіл – қазына» тақырыбында іс-шара өткізді.

Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастердлеуге үйрету. Аталмыш іс-шара аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Еламанова Аида Куттымуратовна тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу – жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып өтті.

 

КенжебаеваК.Қ. Сыныбы: 9 «ә» кл.

Тақырыбы: «Кім білгір?» интеллектуалдық сайыс сабақ

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін кеңейту,шығармашылықтарын шыңдау; Отанды сүюге, жауапкершілікке тәрбиелеу; оқушы бойына ұлттық мінез,елге деген құрметті қалыптастыру;.

Түрі: Сайыс сабақ.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер, слайд

Барысы:Ұйымдастыру. Психологилық ахуал қалыптастыру. Сайыс сабақтың мақсаты таныстырылады. Сайыс сабақ 5 бөлімнен құралған.

І бөлім. Таныстыру.

ІІ бөлім. Бәйге.

3 -бөлім. Өлең - сөздің патшасы.

4-бөлім. Мақал – сөздің мәйегі.

5-бөлім. Жұмбақ шеш

18 09 2025 1

18 09 2025 2

 

І бөлім. Таныстыру.Әрбір топ өз тобының атын, ұранын,топ мүшелерін көпшілікке таныстырып өтті. (Екі топ өздерін таныстырады)

1-топтың аты: «Білімділер» тобы

Ұраны: «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

2-топтың аты «Бірлік» тобы

Ұраны: «Бірлігіңнен айырылма,бірлікте бар қасиет»

ІІ бөлім. Бәйге

1-топқа сұрақтар:

 

«Білімділер» тобына:

1. Алып Ер Тұңға кім? 2. Ғылымның алуан түрлі саласымен, оның ішінде әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым кім? 3. «Бірлігіңнен айырылма,бірлікте бар қасиет» деген өлең жолдарының авторын анықтаңыз.

4. «Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын жасқаншақ еді. Бәрімізден гөрі ерекшелігі, таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін» кейіпкеріміз кім екен? 5. 1903-1964 жылдары өмір сүрген жазушы, ақын,аудармашыны атаңыз? 6. Ғылым,техника,өндіріс, өнер және т.б. саладағы белгілі бір ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер қалай аталады? 7. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табын атаңыз.

8. «Қарлығаш Әулие» атанған биді атаңыз.

2-топқа сұрақтар: «Бірлік» тобына:

1.Халықтың наным- сенімі мен салт-дәстүріне байланысты атын тура айтуға тыйым салынған сөздер қалай аталады? 2. «Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін» деген өлең жолдарының авторы кім? Қай өлең жолдарынан алынған ұзінді? 3. Бұл қала ХІХ ғасырда ірі сауда-экономикалық орталығы болған және бұл қала арқылы Ұлы Жібек жолы өткен.Бұл қала қай қала деп ойлайсыз?

4. «Күнде сабақтан кейін үйіне келісімен,төр алдына етпетінен түсіп,сиялы қарындашты тілімен жалап қойып, бет-аузын сия-сия ғып ағасына хатты үсті-үстіне жазатын да жататын» кейіпкер кім? 5. «Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға мен кірермін!» деген өлең жолдарының авторын атаңыз. Қай өлеңнен алынған үзінді? 6. Бес жасында молдадан оқып,сауатын ашқан биді атаңыз.7. Қимылдың, іс-әрекеттің түрлі белгісін, жай-күйін білдіретін сөз табы қалай аталады? 8. Абайдың қай өлеңін жатқа білесіңдер?

3 -бөлім. Өлең - сөздің патшасы.

Ендігі кезекті өлең жырларға береміз.

4-бөлім. «Мақал – сөздің мәйегі» әр топ өзіне берілген мақалдың жалғасын тапты.

1-топ. «Білімділер» тобына :

1. Бала болсаң болғандай бол, ...

2. Бал тамған тілден...

3. Тау мен тасты жел бұзар, ......

4. Жылай-жылай құдық қазсаң, ......

5. Қаһарлы сөз...

6. Саналы адам сағыңды сындырмас, ...

7. Еңбек ерлікке жеткізер, ...

2-топ. «Бірлік» тобына:

1. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, ......

2. Піл көтермегенді...

3. Тілден артық...

4. Жеті атасын білген ұл,........

5. Өнерлі жігіт өрде озар, .......

6. Айтылған сөз...(атылған оқ)

7. Жылы - жылы сөйлесең,......

5-бөлім. Жұмбақ шеш әр топ берілген жұмақтың шешуін табады.

1-топқа берілетін жұмбақтар: «Білімділер» тобына :

1. Күндіз төбеңе шығады, түнде шегеге шығады.

2. Бір тайға ұш ағасы міңгесіп жүр,екі інісі ілесіп жүр.

3. жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді.

4. Аппақ дала қара дән, сепкен дәні түсінуге жараған .

2-топқа берілетін жұмбақтар: «Бірлік» тобына:

1. Әжем сақтар тапқанын,қоймасы бар шап-шағын.

2.Темір таяқты, ағаш таяқты.

3. Тілден ұшып, құлаққа жетеді.

4. Сырғалы құлақ бір, үн-түнсіз сұрап тұр.

Қорытынды: Әділқазылар алқасы өз ұпайларын айтып, сайыста жеңіске жеткен топты марапаттады.

Айтишева К.А. Толепова А.Н.

Тақырыбы: «Тіл-қазына» тақырыбындағы зияткерлік сайыс

Мақсаты: оқушылардың білімдерін пысықтау, шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайту, ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін,тілге деген сүйіспеншілігін дамыту.

Сайысқа 7-8 - сынып оқушыларынан 3 топ қатысты.

18 09 2025 3

18 09 2025 4 


Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да - осы тіл. Ең ащы да - тіл, ең тәтті де - тіл. Қазақ тілі - дүние жүзіндегі бай, бейнелі тілдердің бірі.
Беташарын додамыздың бастайық,
Көпшілікті бір серпілтіп тастайық.
Ортамызды сайыскермен толтырып,
Қошеметпен шақырайық қол соғып.

 

3 топ ортаға шығады

І топ Алғырлар- 8 А,ІІ топ- Білгірлер- 8 Б,ІІІ топ –Тапқырлар – 7 В
Ал енді, осы топтың қайсысы оза шабатынын, қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділ - қазыларымызбен таныстырды.
Сайысымыздың кезеңдері:І кезең « Білімді мыңды жығар» әр топқа 10 сұрақ қойылады,әр дұрыс жауап 1 ұпай.

 

1-топқа:Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997 ж 11 шілде).

  1. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).

  2. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).

  3. Үстеудің неше түрі бар? (7).

  4. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).

  5. Күй атасы кім? (Құрманғазы).

  6. «Орфография» қай елдің сөзі? (грек).

  7. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).

2-топқа:Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).

  1. Абайдың туған жылы? (1845).

  2. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).

  3. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).

  4. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).

  5. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).

  6. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).

  7. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).

  8. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»).

  9. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).

3-топқа:1. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
2. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)
3. Өлең түрінде жазылатын шығарма қалай аталады? (поэзия).
4 Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)
5. «Салмақты» сөзінің синонимі – байсалды, ұстамды, сабырлы
 6. Морфология нені зерттейді? (сөз құрамы, сөз таптары)
7. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер.
8. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы.
9. Мәңгілік өмірді аңсаған кім?
10
. Әріптердің рет – ретімен тізілген жиынтығы?

 

ІІ кезең. «Сөз болаты-мақал» деп бұрынғылар айтқандай мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы»демекші сайысымыз жалғасты.Сайыскерлер сөздер беріледі, сол сөзі бар қандай да бір мақал тауып айтты.

Міне осылайша «Тіл-қазына» атты сайысымызда өз мәресіне де келіп жетті. Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, елде, жерде болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік.

 

Ұйымдастырушы: Қуандық.Ф, Қожабайқызы.С, Канимкулова.И

«Тіл -қазына» тақырыбында зияткерлік сайыс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың ана тіліне, өзге ұлт өкілдерінің тілі мен мәдениетіне деген құрметін арттыру, мемлекеттік тілді насихаттау, тіл арқылы ұлттар арасындағы достықты нығайту.

 18 09 2025 5

18 09 2025 6

 

Оқушылар әр ұлттың тілінде сұрақтар мен мақал-мәтелдерге жауап беріп, сондай-ақ, тіл туралы нақыл сөздермен жасырынған суреттерді үш тілде аудара отырып білімдерін сынады.

 

Хайрулла А.Қ Үсенбаева А.И Абрашева Ж.Қ.

Тақырыбы: «Тіл-қазына» тақырыбында зияткерлік сайыс

(8 «ә», 8 «в», 10 «а», 10 «ә» сыныптары )

Мақсаты: Оқушылардың тіл байлығын, сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін түсіндіру, ойлау қабілеті мен зияткерлік деңгейін дамыту.

18 09 2025 7

 

 

Сайысқа қатысушылар тілімізді құрметтеп, өркендету үшін бүгінгі білім сайысында өз шеберліктерін, тапқырлықтарын, өнерлерін көрсетті.

Қазақ тілі – бейнелі тіл. Оның шырайын келтіріп тұрған – тұрақты сөз тіркестері.

Тұрақты тіркес – халықтың тұрмысынан туған, терең мағынаға ие теңеу мен бейнелер.

«Тұрақты тіркестің сыры»Бұл турда қатысушыларға тұрақты сөз тіркестері беріледі. Кім оның жасырын мағынасын дұрыс табады екен, байқап көрейік!

(Тұрақты тіркестер кезеңі өтті.)

Әр сөз тіркесінің астарында бір тарих, бір тағылым жатыр. Соны дұрыс тауып, тілдің сұлулығын дәлелдей білді.

18 09 2025 8 

 

Кемаладинова Л.К. Мукушева Г.Б. Жолмағамбет А.Е.

Игра-викторина ко Дню языков народов Казахстана

Цель: Знать символы государства, их особенности, значение.

Задачи: Формировать у детей интерес и уважение к языкам и к культурному наследию народов Казахстана. Воспитывать толерантность. Умение проявлять свои творческие и интеллектуальные способности. 

 

1 конкурс «Тапқыр болсаң тауып көр»
Вопрос задаётся каждой команде, если не отвечает, ход переходит другому. 

За каждый правильный ответ, начисляется по 1 баллу.

 

18 09 2025 9

Қорытынды және марапаттау:

Сонымен білім алушылардың білімін, сөз өнерін, тіл байлығын сынадық. Тілдер күні мерекесінде тілдің қадірін тағы бір мәрте сезінді. Тіл – халықтың тарихы, мәдениеті, бірлігі мен болашағы. Мемлекеттік тілді құрметтеу – әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы. Ұпай саны бойынша жеңімпаздарды жарияланып марапатталды.

 

ӘБ жетекшісі: Еламанова А.К.

© 2025 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«№2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Кандыагашская городская общеобразовательная средняя школа №2»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»