Бүгінгі таңда жасанды интеллект білім беру саласына үлкен ықпал етуде. Ол оқыту процесін өзгертіп, білім берудің әдіс-тәсілдерін жаңартып, оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Жасанды интеллекттің негіздерін оқушыларға үйрету қазіргі заманның маңызды міндеті болып табылады.
№2 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебінде педагогтер арасында тәжірибе алмасу мақсатында жасанды интеллект платформаларын қолдану аясында семинар өткізілді. Семинарға арнайы бекітілген педагогтар мастер- класс көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарда педагогтер видео жасайтын платформа, қысқа мерзімді жоспар жасайтын, аннимация жасайтын, слайд, тест жасайтын, үй тапсырмасын сұрайтын, кері байланыс, үй тапсырмасын қорытындылауға арналған тапсырмалар жасап беретін платформаларды үйретіп, сұрақ жауаптарға жауап беріп жұмыстанды
«TINI-TAP» ойна және үйрен платформасын, «LUMIQ» платформасын, «VEO 3» плат формасын, «PIX VERSE» , «Lingolium» тағы да басқа жұмысты жеңілдететін жасанды интеллект платформаларын әріптестеріне тегін ұйретті.




