№2 Қандыағаш қалалық ЖББОМ базасында 16- қазан күні 9-10 класс оқушылары арасында республикалық «Менің шағын Отаным» байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылып, өткізілді.
№2 Қандыағаш қалалық ЖББОМ бойынша 10 класс оқушысы Сәрсенбаева Мадина «Жасампаз менің өлкемнің тұлғаларымен батырлары» атты номинация бойынша,
10 класс оқушысы Жамал Малика «Ертеңгі менің өлкем:болашақ жобасы» номинациясы бойынша, 9 класс оқушысы Тұрсын Жансая «Қазіргі Қандыағаш даму мен болашақ» номинациясы бойынша байқауға қатысты. Талас -тартысқа толы байқауда 10 класс оқушысы Сәрсенбаева Мадина «Жасампаз менің өлкемнің тұлғаларымен батырлары» атты номинация бойынша I орын, Тұрсын Жансая «Қазіргі Қандыағаш даму мен болашақ» номинациясы бойынша III орын,
Жамал Малика «Ертеңгі менің өлкем:болашақ жобасы» номинациясы бойынша Мақтау қағазымен марапатталды.
Облыстық кезеңге 10 класс оқушысы Сәрсенбаева Мадина «Жасампаз менің өлкемнің тұлғаларымен батырлары» атты номинация бойынша жолдама алды. Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Жолдасов Нұрбек Шайзадаевич. Құтты болсын!!!!
2025 жылдың 22 қазан күні Ақтөбе қаласы,Оңғарсынов атындағы №41 жалпы білім беретін орта мектебінің базасында өткен «Менің шағын Отаным» атты VII республикалық интеллектуалдық конкурсына«Жасампаз менің өлкемнің тұлғаларымен батырлары» атты номинация бойынша 10 класс оқушысы Сарсенбаева Мадина облыстық кезеңге жолдама алып, қатыстырылды. Нәтижесінде оқушымыз «Менің шағын Отаным» атты VII республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде III орынмен марапатталды.
Жетекшісі: Жолдасов Нұрбек Шайзадаевич. Құтты болсын!!!





